1. Қосымшада жою
Ең жылдам жолы — аккаунтты тікелей қосымшада жою:
- Coffee Exchange қосымшасын ашып, аккаунтыңызға кіріңіз.
- «Профиль» бөліміне өтіңіз.
- «Аккаунтты жою» түймесін басып, әрекетті растаңыз.
2. Қосымшасыз жою
Егер қосымша орнатылмаған болса, office@coffeeexchange.kz мекенжайына «Аккаунтты жою туралы сұрау» тақырыбымен хат жіберіп, аккаунт тіркелген телефон нөмірін көрсетіңіз. Аккаунтыңызды бөгде адам жойып жібермеуі үшін біз нөмірдің сізге тиесілі екенін растауды сұрауымыз мүмкін.
3. Не жойылады
- Профиль деректері: телефон нөмірі, аты-жөні, туған күні, электрондық пошта мекенжайы
- Тапсырыстар тарихы, купондар, биндер балансы мен тарихы, жетістіктер
- Құрылғы идентификаторлары және хабарландыру токендері
4. Не сақталуы мүмкін
Заң бойынша сақтауға міндетті мәліметтер (мысалы, бухгалтерлік және салықтық есеп құжаттары), сондай-ақ жеке басыңызды анықтауға мүмкіндік бермейтін иесіздендірілген статистика.
5. Мерзімдері
Аккаунт жоюды растағаннан кейін бірден өшіріледі. Дербес деректер 30 күн ішінде жойылады, аяқталғаны туралы SMS немесе электрондық пошта арқылы хабарлаймыз. Пайдаланылмаған биндер күшін жояды және қалпына келтірілмейді. Белсенді купондарды аккаунтты жойғанға дейін пайдаланыңыз: жойылғаннан кейін оларды пайдалану мүмкін болмайды.
6. Деректердің бір бөлігін жою
Егер аккаунтты жоймай, жекелеген деректерді (мысалы, туған күнді немесе электрондық поштаны) жойғыңыз келсе, оларды профильде өзгертіңіз немесе қолдау қызметіне жазыңыз.